Арнайы жобаҚыздар

Қан аралас бөліністер шығады

Cұрақ: Етеккір болмаса да кейде қызарған бөліністер шығып тұрады. Бірнеше ай болды. Үнемі күнделікті төсемелер салып жүрмін. Етеккір кешігіп болса да келіп тұрады. Жүкті емеспін. Кейде ішімнің төменгі жағы етеккір алдында сияқты ауырады. Бұл не болуы мүмкін? Өзінен өзі кете ме әлде дәрігерге бару керек пе?

Жауап: Симптомдарға қарағанда сізде аналық бездің кистасына ұқсайды. Бөліністерді көрмеген соң және тікелей қарап, пальпация жасамаған соң анық айту мүмкін емес.

Аналық без кистасы дегеніміз аналық без құрылымында т.зілетін сұйықтыққа толы өсінді. Киста әйел ағзасындағы гормоналды өзгерістер салдарынан, дәрілік препараттарды қабылдаудан туындауы мүмкін. Немесе басқа аурулар фонында қабыну процесінің салдары да болуы ықтимал. Кей жағдайларда ол здігінен таралып кетеді. Алайда ауыр салдарға шалдықтырып, бедеулікке де әкелуі мүмкін.

Егер мүмкін болса келесі белгілердің болуын байқап көріңіз:

– менструалды циклдің өзгеруі (ұзақтығы, жітілігі және етеккірдің келу уақыты өзгерді ме?);

– етеккірге қатысы жоқ қанның кетуі;

– іштің ауыруы (ауыр көтергенде, жыныстық қатынас кезінде);

– әлсіздік, лоқсу;

– аналық сүт бездерінің ісінуі (көлемінің үлғаюы, ауыруы);

– іштің ісінуі (киста ісіктерінің үлғаюы кезінде).

Дәл диагноз қою үшін гинеколог келесі жағдайларды білуі керек:

– аналық без қосалқысының ұлғаюы, іштің төменгі жағын басып көріп ауыруын байқау;

– трансвагиналды УДЗ жасау (әдетте УДЗ нәтижелерінде бірден анықталады);

– қынаптың артқы жағын пальпация жасап көру;

– лапараскопия;

компьютерлік томография;

– қан, несеп талдауы, с-125 онкомаркерін анықтау.

Диагноздың анықталуына байланысты емдеу түрі таңдалады. Олар консервативті (гормоналды, қабынуға арсы препараттармен емдеу), оперативті емдеу (ота жасау), лапароскопиялық емдеу (лапароскопиялық әдістермен хирургиялық емдеу) болуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше ертерек гинеколог қабылдауына баруды ұсынамын.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button