Етеккір келіп жүргенде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Физикалық тұрғыда болады әрине. Бірақ етеккір кезінде секстен бас тартудың бірнеше себебі бар.

Біріншіден етеккір кезінде, яғни қан жаңаруы кезінде әйел организмі әлсірейді және кез келген инфекция микробқа ашық. Болмашы ғана инфекция қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін.

Екіншіден гигиенаға қайшы. Жыныстық қозу барысында және секс кезінде әйелдің органынан аздаған мөлшерде түссіз сөл бөлінеді. Ал етеккір кезінде болмашы сөл емес, іш киімді, жатқан жерді былғайтын қан ағады.

Сонымен қатар үшінші себеп, қан келіп жүргенде әйелдің бойы таза болмайды деген пікір ежелден қалыптасқан. Еркек санасында да сондай ой қалып қойған. Сондықтан жігітіңнің де құштарлығы әдеттегідей болмайды.

Етеккір кезінде де жүкті болуыңыз мүмкін екенін естен шығармаңыз.

Сізге пайдалы болды ма бұл мақала?
ҰнамадыҰнады (+1, 1 дауыс)
Loading...


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.