Арнайы жобаҚыздар

Етеккір не себепті кешігеді?

Етеккірдің кешігуі, бұзылуы кез келген жаста бола беретін жайт. Дәрігерге қалыпты уақытынан 5 күнге кешіккен кезде қаралу керек. Емделудің жолын көрсетіп жөнін айту үшін мәселенің себебін анықтауға гинеколог көмек көрсете алады.

Етеккірдің кешігу себептері:

Стресс. Кез келген стрестік жағдай, мысалы, жұмыстағы мәселелерден туындайтын конфликтілерге байланысты жағдайлар етеккірдің 5-10 күн, тіпті одан да көп күнге кешігуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Физикалық шаршау. Адамның дене сымбаты үшін әрине физикалық жүктемелер қажет, дегенмен шамадан артық жүктемелер етеккірдің жүйелі жұмыс жасауына кедергісін тигізуі мүмкін. Етеккірдің кешігуінің тағы бір себебі, ол – эстрогеннің синтезіне негативті әсер ететін, өте белсенді зиян келтіретін диета және диета кезіндегі шамадан тыс шаршау. Шамадан тыс шаршаудың сипаттары жиі бас ауырулар, салмақтың тез азаюы, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы болып саналады. Егер етеккірдің кешігу себебі физикалық шаршаудан екені анықталса, онда ағза тынығудың қажеттілігі жайлы сигнал беруде. Етеккірі кешігетін әйелдер типі көбіне тынымсыз жұмыс кестесімен жұмыс жасайтындар. Етеккір циклін қалыпты жағдайға келтіру үшін тамақтану рационы мен физикалық жүктемелерін тепе-тең жағдайға келтіру керек.

Дене салмағының тым аз не болмаса шамадан тыс артық болуы. Әйел адам эндокриндік жүйенің қалыпты жұмыс жасауы үшін өзінің ДСИ-н (дене салмағының индексін) қалыпта ұстау керек. Дене салмағының қалыпқа келуіне байланысты етеккір уақыты да қалыпқа келеді. Анорексиямен ауыратын әйелдерде етеккір мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

Етеккірдің кешігуіне суық тию мен қабынулардың да әсері болады. Кез-келген ауру етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл созылмалы аурулар немесе бұрыннан келе жатқан аурулар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда цикл жүйелілігі бір-екі айда қалыпқа келеді.

Жыныс мүшелерінің кез-келген қабыну түрлері және ісік аурулары. Жыныс мүшесіндегі қабынулар тек етеккір кешігуімен ғана емес, іштің төменгі бөлігіндегі аурулармен және әдеттен тыс бөлінулермен ерекшеленеді. Мұндай ауруларды міндетті түрде емдеу қажет, өйткені ол жағдайдың ушығуына, тіпті бедеуліктің пайда болуына апарады.

Аналықтың сары денесінің кистасы. Бұл аурудан құтылу және етеккірді қалыпқа келтіру үшін гинеколог бірнеше гормоналды препараттардың курсын тағайындайды.

Аборт. Мұндай жағдайда етеккір кешігуі өте жиі болады және де бұны қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Оған себеп гормоналды фонның бірден өзгеруімен қатар, тек дәрігер ғана анықтай алатын механикалық зақымдалулар болуы мүмкін. Білу міндетті: Жүктілікке тестілеу: қашан және қалай, неше күннен кейін өту қажет?


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button