Қыздар

Гормональды контрацептивтерді ішу зиян ба? Оларды ішкеннен салмақ қоса ма?

Гормональды контрацептивтер жоспарланбаған жүктіліктен қорғап қана қоймайды, сонымен бірге кейбір гинекологиялық аурулардың алдын алады. Оның ішінде қатерлі ісіктің 4 түрі бар.

Ал салмақ қосуға келетін болсақ, қазіргі дәрілік контрацептивтер құрамындағы гормондар дозасы төмен, сондықтан да артық салмақ жинауға әсер етпейді.

Дегенмен бұл гормоналды контрацептивтердің мүлдем зиянсыз екенін білдірмейді. Олар артериялық және веналық тромбоэмболияға, либидоның төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сондықтан өзіңізге қолайлы гормоналды контрацептивті дәрігермен бірге таңдағыңыз жөн.

Back to top button