ЖалпыЖігіттерҚыздар

Ішке ағызбаса жүктілік болмай ма?

Сұрақ: Сперма ішке ақпаса жүті болып қалу мүмкін бе және етеккір ұзақ уақыт кешіксе жүкті деген сөз бе?

Жауап: Жүктіліктен қорғанудың амалдарының бірі саналатын жыныстық актіні үзу әдісі айтарлықтай қауіпсіз емес. Біріншіден ол жыныстық инфекциялардан қорғай алмайды, ал жүктілікке келетін болсақ, ол 70% жағдайда ғана тиімді. Яғни осы әдіспен қорғанған 100 әйелдің әрбір 4-і жүкті болып қалады.

Мәселе мынада, жыныстық қатынасқа дейін еркектің мүшесінде предэякулят (Купер сұйығы) бөлінеді. Бұл сұйық өте кішкентай көлемде (бір тамшы болуы мүмкін) 10-нан 20 миллионға дейін сперматозоид болуы ықтималдығы бар. Жыныстық акті кезінде осы сұйық арасындағы 1 сперматозоидтың аналық жасушаға жетіп, ұрықтандыруы әбден мүмкін. Сондықтан бұл әдісті жүктіліктен қорғану амалы ретінде қолдануды ұсынбаймын. Оның үстіне жыныстық акті кезінде әйел қынабына шәует жібермеу туралы ойдың өзі ләззат алуға кері әсерін тигізеді. Ал осындай әдіспен қорғанған секстен соң әйелдың алаңдауы етеккір келгенше одан да ұзақ уақыт созылады. Сондықтан жүктіліктің қорғанудың сенімді әдісін қолдануға кеңес береміз. Етеккірдің кешігу себептері туралы мұнда айтылған.

Back to top button