Арнайы жобаҚыздар

Кеш жүктілік қауіпті ме?

Бұрын 35-40 жаста бала көтерген әйелдердің өмірі қауіпке толы болатын. Ал, бүгінгі таңда 27-28 жастағы жүктілктің өзі тым кеш саналады. Сол себептен қазір 30 жастағы келіншектер операцияның көмегімен баланы өмірге әкеледі. Осыны ескерген дәрігерлер тұңғыш баланы 20-25 жаста көру керек дейді.

Кейде табиғи заңдылықтар әрқашан адам ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Нақтырақ айтсақ, ерте отбасын құрып, бала сүйе алмай жүргендер қаншама. Ақырында өзгенің баласын бауырына басып алғаннан басқа амал қалмайды. Бүгінде әрбір бесінші отбасы бедеулік мәселесіне тап болып отыр.

Бұл мәселені шешуге біріншіден шыдамдылық керек. Бала көтеру ел ойлағандай бір ай немесе бір жылдың ішінде іске аспайды. Кейбіреулер тіпті бедеулікті емдеуге 10 жыл уақыттарын жұмсайды. Денсаулығы балғадай әйелдердің жасы 35-тен асқан соң жүктілік болу мүмкіндігі бәсеңсиді.

Бір жағынан қазіргі заманғы медициналық мүмкіндігінің арқасында 20-25 жастан асқандар беделдікке әкеп соқтыратын гинекологиялық ауруларды емделіп, бала сүюде.

Әлбетте медицина қызметкерлері жасы ұлғайған сайын бұл бақытты көрудің қиынға соғатынын алға тартумен әлек. Балалар дәрігерлері жаңа туған балалардың арасында дені саулары тым аз деп дабыл қағуда. Оның ішінде патологиялық індеттің көрсеткіші жоғары. Өйткені дені сау анадан қандай құрсақ дамиды?

Дегенмен ақыл тоқтатқан кезде баланы дүниеге әкелу (мұнда 40 жастың аралығы) «бір құшақ аурумен» нәрестелі болумен тең. Өйткені, осы жаста құрсақ көтерген келіншектің саулығы отыз жастағылардан қарағанда 10 есе әлсіз. Осының салдарынан дүниеге келген нәресте де аурушаң болады.

Өйткені жүктілік кезде әйелдердің аурулары қозып, қан тамырлары кеңейеді. Сол себептен болашақ ана баласының өміріне алаңдаушылық білдіріп, өзін шыдамдылыққа үйрете берген жөн.

Алайда, қауіп тек қана жасы келгендерге төніп тұрмағанын ескеру керек. Өйткені жастар арасында да мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, дене бітімі дамымай қалған ауру баланың туылуы немесе түсіктің кездесуі кең етек алуда.

Кез-келген болашақ ана баласын өмірге әкелуге ерекше дайындалады. Олар түрлі қоспасы бар витаминдер мен минералдар ішіп, салмағын сақтап, ерімен дәрігерге барып, жұқпалы ауруларды алдын-алады.

Бұл кезде ішімдік пен темекіден бас тартқан абзал. Кофені де аз мөлшерде ішу керек.

…Қай жаста тұңғыш құрсақ көтерген дұрыс-20 жаста ма, әлде 30 я болмаса 40 жаста ма? Бұл сұрақтың жауабын әр әйелдің өзі біледі. Өйткені, қазіргі заманда әркім өз қалауынша бұны жоспарлайды. Алайда, аналық сезімнің әр мөлшерде әртүрлі сипат беретінін айтып өткім келеді…

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button