Арнайы жобаЖігіттер

Отбасы жоспарлау. Еркектер

Сұрақ: Отбасы жоспарламақпыз. Күйеуім қандай анализдер тапсырып тексерілгені дұрыс?

Жауап: Отбасын жоспарлауға жауапкершілікпен қарағаныңыз өте дұрыс. Бұл болашақ сәбидің саулығының кепілі болмақ.

Ең алдымен еркек уролог маманға қаралғаны жөн. Негізгі анализдерді уролог қабылдап, тексерген соң тағайындайды. Дегенмен, негізгі анализдер келесідей:

– Жыныстық инфекцияларға анализ. Ең алдымен осы талдау түрі жүргізіледі. Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар пациенттің табиғи жолмен ұрықтандыру қабілетіне елеулі әсерін тигізуі мүмкін.

– TORCH-инфекцияларға қан талдауы. TORCH-инфекциялар дегеніміз жүктіліктің барлық триместрлері кезінде ұрықтың дұрыс жетілуі үшін қауіп төндіретін аурулар. Олардың ішінде герпес, токсоплазмоз, қызылша, цитомегаловирус бар.

-АИЖ, RW, С және В гепатитіне анализ.

– Қан тобы мен резус-фактор талдауы.  Пациенттің қан тобын және резус факторын анықтау болашақ ананың резус факторының өзгеше болған жағдайларда өте маңызды.

– Гормондарға қан талдауы. Ішкі және сыртқы секреция бездері бүкіл организмнің дұрыс қызметін етеуін реттейді. Олардың бұзылуы ұрықтанудың кілтипаны болуы мүмкін.

– Спермограмма. Бұл талдау барлық жағдайда қажет деп айта алмаймын. Бірақ жұп ұзақ уақыт бала көтере алмаған кезде спермограмманы тапсыру міндетті.

Терапевт немесе өзге мамандар басқа да талдауларды белгілеуі мүмкін.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button