Арнайы жобаҚыздар

Қорғаныс амалын қалай таңдаған жөн?

Сұрақ: Гинекологқа қаралуға ыңғайсызданамын. Дәрігерге қаралмай-ақ құрбыма ұсынылған дәрілерді іше беруіме бола ма? Қорғаныс жолдарын қалай таңдау керек?

Жауап: Құрбыңызға жазылған рецепт бойынша дәріханаға баруға асықпаңыз. Себебі гармоналды препараттарға әр ағзаның реакциясы әртүрлі болады. Жүктіліктен қорғайтын таблеткаларды гинеколог-эндокринологпен ақылдасып алған дұрыс.

Дәрігерге өз ауру тарихыңызды, зиянды әдеттеріңіз туралы жасырмай айтыңыз. Ары қарай УДЗ жасап, жыныстық органдардың сау екеніне көз жеткізіңіз. Аналық без гормондары – тестостерон, фолликул стимуляциялайтын және лютеин қалыптастыратын гормондарының жағдайын анықтау үшін қан талдауын жасаңыз.  Таблетка түріндегі контрацептив таңдау оңай емес. Тромбоз, қант диабеті, бауыр ісігі, гепатит сияқты кей аурулар кезінде мұндай препараттарды қабылдауға болмайды. Сонымен қатар гормоналды контрацепция сізді инфекциялық аурулардан қорғай алмайтынын ұмытпаңыз.

Әркім өз жағдайына қарай жүктіліктен қорғаныс амалын таңдағаны дұрыс. Контрацептикалық дәрілер мен амалдарды әр әйел өз өмір салты  және әдеттеріне ыңғайлы тәсілін таңдағаны жөн.

  • Жоспарланбаған немесе тұрақты емес жыныстық қатынас үшін венерологиялық аурулардан және жүктіліктен сақтану үшін презерватив қолдану керек.
  • Жатыр ішіне салынатын спираль тек бала туған әйелдер үшін ыңғайлы.
  • Жас және әлі бала тумаған әйелдерге гармоналдық дәрілерді қолданған дұрыс.

Ең дұрыс әдісті өзіңіз қаралатын дәрігерден немесе гинекологтан алған дұрыс. Тәжірибелі мол маман  ғана дұрыс әдісті және дәріні таңдап береді, жүктіліктен қалай сақтау керектігі туралы да дұрыс кеңес айта алады.


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button