Қыздар

Қыздарда жыныстық инфекция гигиенаның нашар болуына байланысты туындай ма?

Қыздар жыныстық мүшелерінің гигиенасын қадағалауы қажет. Дегенмен жыныстық инфекциялардың негізгі таралу себебі гигена емес.

Жыныстық органдардың өз қышқылдық ортасы бар. Егер қышқылдық орта нормадан жоғары немесе төмен болса, қорғаныс қабаты бұзылып бактериялар көбеюі мүмкін.

Жыныс жолдарын қарапайым душқа арналған гель немесе иіс сабындармен емес, арнайы интимді гигиенаға арналған құралдармен жуғаныңыз жөн. Сонымен қоса қазір түрлі маркалармен шығарып жатқан түрлі «емдік» тампондарды дәрігермен кеңеспей қолданбаңыз.

Егер жыныстық органдарда қышу, бөрту, немесе қадай да бір дискомфорт сезінсеңіз, гинекологқа қаралыңыз.

Back to top button