Арнайы жобаҚыздар

Қыздардың эрогендік нүктелері қай жерде орналасқан?

Эроген нүктелер екіге бөлінеді: ашық және жабық нүктелер

Ашық эрогендік нүктелер:
Қызыңыз киім киген болса, ашықтау эрогендік нүктеге қол жеткізіледі – бұл мойын мен құлақ. Жай-жай сипап қою, жағасын түзетіп жатып, кездейсоқ тиіп кету, мойынның немесе құлақтың үстінен сүю әйелдегі құмарлықты тұтатуы мүмкін. Әдетте қыздардың білегінің эрогендік нүктелері бар. Саусақ ұштарымен білегінің артқы жағынан ақырын ұста – қызға жағымды болуы керек. Бірақ асыра сілтеме. Сондай-ақ, әйел денесінде сезімтал ашық нүкте – басы. Бас терісін, мойынды және бастың мойынға өту аймағын жеңіл массажбен икемдеп, қызды еркіндетуге және қоздыруға болады. Сондай-ақ, егер қыз юбка киген болса, онда тізенің астындағы аймақ ашық аймақтарға жатқызылуы мүмкін. Дегенмен, бұл аумақты абайлап және мұқият сипау қажет, себебі тұрақты жылдам қозғалыстар қытықтап, күліп кетуі мүмкін.

Жабық эрогендік нүктелер:
Осы нүктелерді ынталандыру тек қана оңаша қалдырылған жағдайда ғана жүзеге асырылады, себебі олар киім астында жасырылған. Ол қыздың үйлесімді көңіл-күйде болған кезінде, тура жыныстық қатынасқа түскенге дейін ғана ол нүктелерді аялап, сипау қажет. Мықын, балтырдың ішкі жағын саусақтарыңызбен сипап, еріндеріңізді ақырын тигізе аласыз – бұл алдын-ала ләззатты әлдеқайда жағымды етеді. Іш (кіндік тұс) және іштің төменгі жағы – тағы бір эрогенді аймағы. Әсіресе, әйелдің эрогендік нүктелерінің ең көп саны іштің оң-сол бүйірлерінде болады. Енді кеудеге қатысты – оның эрогенділігі барлық қызға бірдей емес. Сондықтан, алдымен, осы аймақты ынталандыру кезінде оның реакциясын бақылап, қыздың кеудесіне сезімтал-сезімтал емес екенін білу керек. Жыныс мүшелеріне түсіп бара жатқанда, кейбір ерлер ойлағандай, ең эрогендік нүкте қынап емес, деліткі (клитор). Оны дұрыс ынталандыру арқылы сіз қызды күшті оргазмға алып бара аласыз.

Жалпы, эрогенді аймақтарды іздеу үшін ең бірінші кезектегі орындар:
– Шынтақтың ішкі жағы.
– Тізенің ішкі жағы.
– Омыртқа бойымен.
– Кеуденің үстінен.
– Арқа.
– Іші.
– Санның ішкі жағы.
– Қол мен аяқтағы саусақтар.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button