Қыздық пердені қалпына келтіру мүмкін бе?

Иә, қыздық пердені қалпына келтіру операциялары Қазақстанда да жасалады. Мұндай операциялар гименопластика деп аталады.

Олардың екі түрі бар: қысқа мерзімді (жергілікті анестезия) және ұзақ мерзімді (жалпы анестезиямен жасалады).

Қысқа мерзімді гименопластика жыныстық қатынас бірнеше күннен соң жоспарланғанда жасалады. Бұл кезде жыртылған перде қалдықтары тігіледі.

Егер жыныстық қатынас үш айдан соң жоспарланса, онда ұзақ мерзімді гименопластика жасалады. Бұл кезде перде жатыр қабырғаларынан жасалады. Бұл қарапайым әрі қауіпсіз процедура, дегенмен операцияны білікті дәрігер жасауы тиіс.

Гименопластиканың басы 20 мың теңгеден басталады. Гименопластика жасау шешімін қабылдайтын өзіңіз, бұл жағдайды талқыламаймыз. Дегенмен, егер өміріңізде сексуалды зорлық немесе басқа да жағдай болса, серігіңізге айтудың әбестігі жоқ. Себебі зорлықтың физиологиялық қана емес, психологиялық та салдары болуы мүмкін. Бұл жағдайда серігіңіздің қолдауы өте қажет.

Сізге пайдалы болды ма бұл мақала?
ҰнамадыҰнады (+1, 1 дауыс)
Loading...


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.