ЖалпыЖігіттерҚыздар

Секс барысында презерватив жыртылып кетті. Енді не істеуге болады?

Егер жыныстық қатынас барысында презерватив жыртылып, сперма жатырға енсе немесе мүлдем қорғанбаған болсаңыз, қаламаған жүктіліктен сақтанудың амалы бар.

Тек ол үшін қорғанбаған жыныстық қатынастан соң 72 сағат аспауы тиіс. Мұндай посткоитальды контрацепцияға «Постинор», «Эскапел» сияқты препараттар жатады. Оларды менструалды циклдың кез келген кезеңінде ішуге болады.

Бұл дәрілік препараттар құрамында прогестерон гормонының көп мөлшері болады, мұны жиі қабылдау ұрық бездерінің қызметін бұзуы мүмкін. Препаратты дәріханаларда рецептсіз еркін алуға болады. Алайда дәрі ішкен соң өзіңізді нашар сезінсеңіз, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Back to top button