Жігіттер

Силденафилді немесе Виагра іспетті дәріні қай кезде пайдалануға болмайды?

Потенциямен байланысты мәселелерге қарамастан, мұндай дәрілер келесі жағдайларда қабылданбауы керек:

– Таблетка түріндегі силденафил немесе оның қүрамындағы қосалқы заттарға деген аллергиясы болса;

– 18 жасқа толмаған болса;

– Әйел адамдарға, әсіресе жүктілік кезінде және емшек сүтімен тамақтандыру кезеңінде;

– Кардиологтың құзыретіне кіретін ауыр аурулар (жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, инфаркт, аритмия, қан қысымының төмендеуі) болса;

– Ауыр сатыдағы бауыр мен бүйрек аурулары болса;

– Еркектік мүшенің деформациясы (ол туа біткен де болуы мүмкін), жыныс мүшелерінің жарақаттары болса;

– Қозуға арналған басқа стимуляторларды бір мезгілде қолдану кезінде (оның ішінде өсімдік негізіндегісін де).

Мұндай жағдайларда туынды реакциялар пайда болуы мүмкін (бас ауруы, қанның бетке шабуы, тахикардия, әлсіздік, аллергия белгілері). Егер бұндай белгілер пайда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралыңыз.


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button