Жігіттер

Сперма қандай болуы керек?

Сұрақ: Жасым 15-те, жыныстық қатынас әлі болмады. Бірақ спермам кейде шыққанда байқаймын, арасында түйіршіктер бар сияқты. Ал кейде сұйық, су сияқты болады. Сперма қандай болуы керек өзі? Менде бәрі дұрыс па? 

Жауап: Эякулят (еркектің жыныстық мүшесінен бөлінетін сұйық) аталық безден, қуықасты безден және шәует көпіршіктерінен тұратын қоспа. Шәует шығару кезінде сперма сәл ақшыл түсті гель тәрізді болады. Бұл сперманы сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғау үшін жасалған. Ары қарай 20-30 минут ішінде сперма сұйылып, суға айналады. Сұйылу кезінде гель тәрізді масса біртекті сұйылмайды, арасында іртіктер байқалуы мүмкін. Бұл паталогия емес, керісінше, ұрықтың сапалы екенін білдіреді. Ал бірден сұйылып кететін сперма жыныс бездері жұмысының бұзылуын білдіруі мүмкін.

Back to top button