СПИД деген не?

СПИД – (синдром приобретенного иммунодефицита) – ВИЧ инфекцияның соңғы стадиясы. Ол вирустың иммунитет жүйесінің торшаларын бұзуы нәтижесінде пайда болады. Иммунитет жүйесінің торшалары бізді түрлі инфекциялардан қорғайды.

Ал СПИД кезінде бұл инфекциялардың дамуы адамның өліміне әкелуі мүмкін. СПИД жыныстық қатынас, қан арқылы, ана сүті арқылы таралады. Сүйісу кезінде сілкей құрамында да СПИД инфекцияларының аздаған мөлшері болады.

Алайда дәрігерлердің айтуынша жұқтыру үшін ол мөлшерлер жеткіліксіз. Сондықтан СПИД сүйісу кезінде жұқпайды. Сонымен қатар тұрмыста араласу кезінде де бұл дерт жұқпайды. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда СПИД/ВИЧ шалдыққан 29 980 адам диспансерлік есепте тұр.

Кездейсоқ секс кезінде бұдан да басқа да қауіпті венерологиялық аурулар жұғуы мүмкін. Сондықтан презерватив қолдану өзіңізді қорғаудың ең тиімді жолы екенін ұмытпаңыз.

Сізге пайдалы болды ма бұл мақала?
ҰнамадыҰнады (Баға жоқ)
Loading...


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.