Қыздар

Вумбилдинг деген не?

Вумбилдинг (орысш. ВУМ (Вагинальные Управляемые Мышцы) – «басқарылатын қынап бұлшықеттері», ағылш. building – «құру, жасау, дамыту») терминін ең алғаш енгізген В.Л. Муранивский деген ғалым. Атауы айтып тұрғандай, вумбилдинг – жыныстық қатынас кезінде аталмыш бұлшықеттерді басқару дағдыларын меңгеру.

«Вумфитнес – вумбилдингтің алғашқы сатысы болып табылады. Оған Никитина автономды жаттығу құрылғысымен Кегель жаттығуларын жасау жатады. Яғни Кегель жаттығулары жыныс бұлшықеттерін жай жиыру болса, бұл – құрылғымен жиыру, яғни бұлшықетке қосымша күш түсіру. Бұл жаттығулар зәр жіберіп қою, көтеу тәріздес ауруларды емдеп, қынап қуысын тарылтады.

Вумфитнес сатысынан соң әйел өз еркімен келесі Муранивский пневматикалық жаттығу құрылғысына көше алады. Ол құрылғының бұлшықетті жиыру күшін көрсетіп тұратын манометрі бар, және алдыңғы Никитина құрылғысы тек қынаптың төменгі бұлшықеттерін жаттықтыруға арналса, бұл қынаптың барлық бұлшықеттерін күшейтуге арналған және секс сапасын жақсартады.

Осы құрылғымен жоғары нәтижелерге жеткен соң, металдан жасалған Никитина жүк жаттығу құрылғысына көшуге болады. Бірақ жатыр мойны төмен түскен әйелдерге бұл құрылғымен жаттығуға болмайды. Одан ары қарай тағы элиталы секске жаттықтыратын құрылғылар бар.

Вумбилдингпен айналысу әйелдердің болашақта жеңіл босануына септігін тигізеді. Сонымен қатар көптеген әйелдерде жыныстық қатынас кезінде ауыру, дискомфорт сезімдері, қуық немесе тік ішекке қысым болады. Соның әсерінен өмір бойы жыныстық қатынастан ләззат алмай өтеді. Осындай сұрақтармен келетіндер көп. Ал мұның бәрі жыныс бұлшықеттерінің әлсіздігінен. Вумбилдинг жыныс бұлшықеттеріне түсетін қысымға қарсылық көрсетуге дағдыландырады. Тағы бірде «вагинизмге» ұшыраған жас келіншек келді. «Вагинизм» — алғашқы жыныстық қатынас тым ауыр тигеннен жатыр-қынап бұлшықеттерінің жиырылып қалып, еркектің мүшесін кіргізбей қоюы. Оның бір жағынан психологиялық факторлары да бар, дегенмен физиологиялық тұрғыдан да емдеу керек. Оған да вумбилдинг көмекке келеді.


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button