Арнайы жобаҚыздар

Жас қыздарды жүктіліктен сақтандыратын қандай дәрілер бар?

Сұрақ: Жүктіліктен қорғайтын гормоналды таблеткаларды жас қыздарға ішуге бола ма? Мұндай таблеткаларды тек бала туған әйелдерге ғана ішуге болады деп естідім. Ол рас па?

Жауап: Гормоналды таблеткаларды тек ересек әйелдерге, бала туған келіншектерге ғана ішуге болады деген ақпарат шындыққа сай келмейді. Гормон мөлшері жас қыздар организміне бейімделген гормоналды контрацептив құралдары бар. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 19 жасқа дейінгі қыздарға үйлестірілген контрацептив препараттарын ұсынады, мұндағы белсенді препарат прогестаген болады. Таблеткалар эндометрия және цервикал шырышқа әсер етеді, нәтижесінде сперматозоид жатырға және аналық безге жете алмайды. Үйлестірілген гормоналды таблеткалардың жағымсыз әсерлері бар, бірақ бұл препараттар 99% сенімді. Бұл жыныстық өмірді ерте бастау қажет деген ұсыныс емес, тұрақты партнер болған және бала көтеруді жоспарламаған жағдайда ғана қабылдау мүмкіндігін ойлап көріңіз. Жас қыздар үш фазалы (Триквилар, Три-регол, Тризистон) және бір фазалы (Силест, Фемоден, Мерсилон, Марвелон) таблеткаларды пайдалана алады. Препараттар дұрыс таңдалған жағдайда ағзаға зиянын азайтуға болады. Ал пайдасы: олар гормоналды фонды реттеп, бет әлпетін жақсартады. Дегенмен мұндай препараттардың зияны туралы әрдайым естен шығармаған жөн, және олар келесі жағдайларда ұсынылады:

– жыныстық қатынаспен тұрақты түрде айналысқанда;

– сенімді жұбы болса;

– етеккірінің келгеніне 2 жыл асса;

– бойы 160 см жоғары болса;

– жүрек, қан тамырларының аурулары болса.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Ілмектер
Close