Қыздар

Жасанды түсіктің (аборт) зияндары қандай?

Ең алдымен түсік жасаған әйелдің етеккір кезеңі өзгереді, жатырдан қан аққыш болып, ақуыз бөлініп және ауыртатын сезім пайда болуы мүмкін. Жүйке жүйесінде өзгерістер пайда болады, себебі жүктілік кезінде әйел ағзасы және дене мүшелері соған дайындалып, кейін барлығын бір мезгілде тоқтатқан сәтте, күтпеген жағдай жүйкеге де қатты әсер етеді.

Арнайы медициналық орталықта барлық қауіпсіздік және тазалық шаралары жасалса да, одан кейінгі асқынуларға төтеп бере алмайды, жатырдың қабынуымен бірге түтікшенің өткізу қабылеті тоқтап қалу ықтималдығы бар.

Әдетте мұндай асқынулар бірінші рет жүкті болған әйелдерде көбірек байқалады. Алғашқы жүктілікті алғызып тастағаннан кейін, одан кейін бала көтермей қалуы мүмкін.

Түсік, жатыр және шат мүшелерінің қабынуларынан бөлек, операциядан кейін (одан кейінгі жүктіліктерде) өздігінен түсік болып қала беруі, жатырға ұрық жұмыртқасының жабыса алмауы, жүктілік кезінде қан келуі, баланың уақытына жетпей түсіп қалуы, жүктіліктің өте ауыр жағдайлармен өтуіне де себепкер болуы мүмкін.


«Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button