Арнайы жобаҚыздар

Жүктілік тестін қалай пайдаланған жөн?

Жүктілік тестісін пайдаланудың алдында оның әртүрлігіне байланысты нұсқаулығымен танысу керек. Қорытындысы нақты болып шығу үшін бірнеше ережені сақтау керек:

1. Әдетте тесттерде жүргізу уақыты көрсетілмейді, алайда гинекологтар таңертең ұйқыдан кейін жасауды ұсынады: өйткені түнгі дәрет құрамында арнайы гормон концентрациясы көп болады және жүктіліктің бастапқы кезін осы уақытта байқауға болады.

2. Ақпараттың нақтылығына дәрет айдаушы құралдармен көп қолданылған сұйық көлемінің әсері болуы мүмкін.

3. Егер етеккірдің кешігуінен кейін тест жүктілікті көрсетпей тұрса, ал етеккір келмей жатса, бұл әрекетті бірнеше күннен кейін қайталау керек. Әсіресе бұл жүйесіз циклді әйелдерге қатысты.

4. Неғұрлым тест арзан болса, құрамындағы реагент құндылығының төмендігін айтады, соған байланысты қателесу қаупі үлкен.

5. Көбіне пайдаланатын дәретке салынатын тест жолақшалар. Бұл жерде, тестті көрсетілген деңгейге дейін және ұсынылған уақытта ұстау маңызды, нәтижесін уақыт бойынша қарау керек. Бұл қате қорытындының алдын алады.

6. Тест нәтижесі нұсқаулығында көрсетілген. Жолақшаның біреуі бақылау міндетін орындағандықтан міндетті түрде боялады, ал екіншісі тек жүктілік кезінде ғана боялады.


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button