ЖалпыЖігіттерҚыздар

Жыныс мүшесіне инфекция жұққанын қалай білуге болады?

СҰРАҚ: Инфекцияның жыныс мүшесіне жұққанын қалай білуге болады және оның белгілері қандай?

ЖАУАП: Жыныстық инфекцияның 7 белгісі бар. Мұндай симптомдардың бірін байқасаңыз дереу дәрігерге қаралған жөн:

• Интимді органның қышуы және ашуы;
• Жыныстық орган маңайының қызаруы, бөртуі, жаралардың пайда болуы;
• Жыныс мүшелерінен өзгеше сұйықтықтың бөлінуі, жағымсыз иістің шығуы;
• Зәр шығарудың жиілеуі әрі қиындауы, ауыру сезімдерінің туындауы;
• Шап маңайындағы бездердің ісінуі және ауыруы;
• Әйелдерде іштің және іштен төменгі жақтың, қынаптың ауыруы;
• Жыныстық акті кезіндегі дискомфорт.

Осы белгілермен қатар сифилис немесе хламидиоз сияқты кейбір жыныстық аурулар инфекция жұқтырған соң бірнеше аптадан кейін ғана байқалуы мүмкін. Ал кей жағдайда жыныстық жолмен тарайтын аурулар мүлдем еш белгісіз келіп, созылмалы түрге өтуі мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Close
Close