Қыздар

Жыныстық мүшеден шығатын жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?

Етеккір кезінен тыс уақытта жыныстық мүшеден иіс шығуы – қалыпты және табиғи жағдай. Әйелдердің көбі бұл жағымсыз иістен құтылғанды жөн санайды. Сол кезде күнделікті пайдаланылатын төсемелер қолданған жөн. Төсемелер иіс шығаратын сұйық бөлінділерді сіңіріп алады. Төсемелердің құрамында ағзаның табиғи иістерін алмастыратын иістендіргіштер болады.

Етеккір қанының ешқандай өз иісі болмайды. Иіс қан ауамен немесе бактериялармен араласқанда пайда болады. Сондықтан төсемелерді жиі ауыстырып тұрған жөн: олар шыққан қанның ішінде бактериялардың көбеюінен қорғай алмайды. Ең қолайлы және ең гигиеналық құрал ретінде тампондарды айтуға болады. Олар терең орналасқандықтан қанды сыртқа жібермейді, қанша бөлінді бар болса, соның барлығын сіңіріп алады және бұл иісті жоюдың ең тиімді жолы. Тампондарды жүйелі түрде ауыстырып (әр 4-8 сағат сайын), оларды пайдаланудың барлық ережелерін сақтасаңыз, әйел иісінің не екенін ұмытып, толыққанды белсенді өмір сүре аласыз.

Егер терінің жыныстық мүшелер орналасқан жерлерінде тітіркену сезімі пайда болса, егер күнделікті бөлінділердің түсі, мөлшері және құрылымы өзгерсе, жағымсыз сезімдердің себебін анықтау үшін дәрігерге жүгінген жөн. Дәрігер қажет болған жағдайда тиісті ем тағайындайды. Сонда балғындық, тазалық және жеңілдік қайта оралады.


 

Back to top button