Жалпы

Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялар қандай?

Бұл жұқпалы аурулар, олардың құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болады. Бұл микробтар (вагиналдық, анал және орал) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Одан бөлек кей инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:

соз,
хламидиоз,
мерез,
трихомониаз,
гениталдық ұшық,
АҚТК/ВИЧ,
гарднереллез,
микоплазмоз,
гениталдық кандидоз,
гениталдық үшкір кандиломдар
В, С, Д гепатиттері

Инфекциялық қоздырғыштардың көбі бала көтеру органдарын зақымдайды, соның салдарынан бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік сияқты аурулар туындауы мүмкін. Мысалы, егер мерезді емдемесе ішкі органдардың қатты бұзылуын, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатады, және де ұрпақтарына беріледі. Кейбір инфекциялар қатерлі ісіктердің (обырдың) себепкері болуы да мүмкін.

Инфекция жұқтырған адамдарда АИТВ-ны (адамның иммундық тапшылығының вирусын) жыныс жолдары арқылы жұқтыру қаупі он есеге көбейеді.


 

Back to top button