Арнайы жобаҚыздар

Жыныстық қатынасқа неше жастан түсуге болады?

Сұрақ: Қыздарға етеккір келгенде жыныстық өмірге дайын бола ма? Алғашқы қатынас қай кезде болғаны дұрыс?

Жауап: Қыздарға жыныстық өмірді мынадай жаста баста деп айтуға қақымыз жоқ. ол мұндай кезеңге психологиялық, физиологиялық және жауапкершілік тұрғысынан дайын болғанда барғаны жөн. Дегенмен гинекологтар қыздардың ерте жастан пәктігінен айырылуына, яғни жыныстық қатынасқа түсуіне қарсы. Бұл моралдық тұрғыдан емес, қыздар организмінің дамуына да байланысты. Қыз балаға етеккірі 12-13 жасында келе бастайды. Алайда бұл қыз баланың жыныстық қатынасқа дайын болғанын әсте білдірмейді. Бұл кезде жыныстық жетілу басталады. Қыздардың организмінде әйелдер гормондары түзіледі.   Бұл кезде репродуктивті функция қалыптасып үлгермейді. Эндокринді жүйе де жыныстық өмірге аяқ басуға дайын емес. Психологиялық аспектіге келсек, қыздар ерте жасында оргазмды да сезінбейді, жыныстық қатынас оған ересектерде сияқты жарқын эмоциялар тудыра алмайды. Сонымен қоса, секс бұл тек ләззат емес, жауапкершілік. Оның салдары, нәтижесі туралы білімі жоқ қыздар жағымсыз жағдайларға ұрынып қалуы әбден мүмкін. Қыздар ересек өмірге, яғни жыныстық қатынасқа неғұрлым ересек, ақылы және физиологиясы толысқан кезінде келсе, соғұрлым оның болашақ ана ретінде денсаулығы да мықты болмақ.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button