Жалпы

АҚТҚ (ВИЧ) жыныстық жол арқылы қалай жұғады?

Ең қарапайым жұғу презервативсіз жыныстық қатынас кезінде болады. Микрожарақат арқылы қан, сперма немесе қынаптық бөліністермен де жұғуы мүмкін.

Жыныс мүшелерінің жұқпалы аурулары (мерез, гонорея, генитальді герпес, трихомониаз және т.б.) АҚТҚ берілу қаупін жоғарылатады.

Жыныстық қатынас партнерлері неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым АҚТҚ жұқпасы бар адамды жолықтыру ықтималдығы және қаупі жоғары. Бірақ, бір ғана қорғаныссыз (презервативсіз) жыныстық қатынастың өзі АҚТҚ-жұқпасын жұқтыруға жеткілікті.


«Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button