Арнайы жобаҚыздар

Циститті қалай емдейді?

Сұрақ: Жасым 15-те, жыныстық қатынасқа түскен жоқпын. Бірақ саусағыммен үйкелеп көрдім. Кешеден бері кіші дәретке барғанда ашып ауырады. Мазам кетті. Дәретке барғым келетін сияқты. Барсам бір-екі тамшы ғана шығады. Мен ауру жұқтырып алдым ба? Не істеймін? Мамама айтуға қорқамын.

Жауап: Алаңдамаңыз, симптомдарыңызға қарағанда бұл қарапайым циститке ұқсайды. Егер несеп шығару кезінде ашып ауырса, сізде циститтің ауыр кезеңі басталған сияқты. Циститтің туындау себептері: салқын тию (әсіресе жазда суық жауында жүріп қалғанда, салқын суға түскенде), иммунитет жүйесінің жұмысы бұзылғанда (тымау немесе ӨРВИ кезінде), А және С витаминдерінің жетіспеушілігі болғанда, гигиена сақталмағанда (қыздардың жыныстық органдары несеп шығару жүйесіне өте жақын орналасқандықтан гигиена мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды).

Цистит жыныстық ауруларға жатпайды, онымен кішкентай балалар да ересектер де ауыруы мүмкін. Сондықтан анаңызға айтудан қысылмаңыз. Циститтің бірнеше түрлері бар, оны емдеу ауруды тудырушы факторларға байланысты.  Қандай да бір препарат ішпес бұрын міндетті түрде жалпы несеп талдауын, несептің стерильдігін анықтауға анализ өткізу қажет. Анализ қорытындылары дайын болғанша және дәрігер тағайындау жасағанша симптомдарды былай жеңілдетуге болады:

– но-шпа (спазмды басады);

– канефрон немесе фитолизин (емдік шөптер негізінде жасалған препараттар);

– аяқты шым-шым (30-40 градус) суға салып отыру немесе төменгі жаққа жылытқыш (грелка( салу;

– көбірек су ішу (жай таза суды немесе мүкжидек морсы сияқты сусындарды).

Циститті емдеу үшін әдетте антибактериалды терапия тағайындалады, алайда оны дәрігер тек тиісті анализ нәтижелері негізінде жасайды. Құрбыңызға немесе басқа адамға тағайындалған препаратты қабылдауға болмайды, себебі ол сізге жақпауы мүмкін, аурудың емделуіне емес, симптомдардың жоғалуына әкелуі м.мкін. Ал бұл жағдайда сізде ауру тудырған бактериялар тығылып, созылмалы циститке әкелуі мүмкін. Циститті дер уақытында емдеп, дәрігердің айтқан талаптарын орындайтын болсаңыз, ол ешқандай қауіп тудырмайды, және бірнеше күнде сауығып кетесіз.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button