Қыздар

G нүктесі деген не? Ол қай жерде орналасқан?

Сұрақ: Әйелдің қынабында G деген нүкте бар дейді. Ол не және ол қынаптың қай жерінде орналасқан?

Жауап: G нүктесі жайлы ғалымдар бір шешімге келмеген. Біреулер оны бар десе, екіншілері аңызға балап жатады. Бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымы Грефенберг әйел жатырының үстіңгі қабатында эрогенді зона барын анықтаған болатын. Содан бері ол зонаны G нүктесі деп атайды. Бұл нүкте несімен ерекше? Мамандардың айтуынша, ол жерді қоздырған жағдайда, әйел адам ұзақ оргазмге бөленеді.

Ол қай жерде десеңіз, ғалымдар G нүктесінің қынаптың жоғарғы жағында екенін айтады. Алайда әр әйелдің тәні әртүрлі болатынын екенін ескерсек, G нүктесінің орналасқан жерін нақты айту қиын. Мұндай жағдайда мамандар әйел мен еркек бір-бірінің тәнін зерттеу арқылы эрогенді зоналарды анықтай алатынын айтады.

Back to top button