Жалпы

Гениталдық ұшық (герпес) деген не?

Гениталдық ұшық – қарапайым ұшықтың вирусы туындататын көп таралған вирустық инфекция. Гениталдық ұшық жұқтырудың негізгі жолы – презерватив қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Гениталдық ұшықтың негізгі белгілері: жыныс мүшелеріндегі, ауыртатын, қышытатын бөртпелер, кейде – құйрықта және көтеннің айналасында болады, олар кейіннен ашылады (жарылады) да, қабыршақтанып кебеді.

  • ерлерде – бөртпелер жыныс мүшесінің басында, түпкі жағында және зәр шығару жолдарында орналасады;
  • әйелдерде – бөртпелер жыныстық қатпарларда, клиторда, қынапта және жатыр мойнында орналасады; бөртпелермен қатар көбіне дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, бел ауруы, әлсіздік туындайды

Емделу жолы: вирусқа қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында презерватив пайдалану.

Қауіптілігі: ұшық иммундық жүйені бұзады. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ-асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.


«Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button