Арнайы жобаҚыздар

Гормоналды контрацептивті таңдау үшін дәрігер кеңесі қажет пе?

Сұрақ: Гинекологқа қаралуға ыңғайсызданамын. Бірақ маған да жүктілікті болдырмайтын дәрі қажет. Дәрігерге қаралмай-ақ құрбыма ұсынылған дәріні іше беруіме бола ма? 

Жауап: Құрбыңызға жазылған рецепт бойынша дәріханаға баруға асықпаңыз. Себебі гармоналды препараттарға әр ағзаның реакциясы әртүрлі болады. Жүктіліктен қорғайтын таблеткаларды гинеколог-эндокринологпен ақылдасып алған дұрыс.

Дәрігерге өз ауру тарихыңызды, зиянды әдеттеріңіз туралы жасырмай айтыңыз. Ары қарай УДЗ жасап, жыныстық органдардың сау екеніне көз жеткізіңіз. Аналық без гормондары – тестостерон, фолликул стимуляциялайтын және лютеин қалыптастыратын гормондарының жағдайын анықтау үшін қан талдауын жасаңыз.  Таблетка түріндегі контрацептив таңдау оңай емес. Тромбоз, қант диабеті, бауыр ісігі, гепатит сияқты кей аурулар кезінде мұндай препараттарды қабылдауға болмайды. Сонымен қатар гормоналды контрацепция сізді инфекциялық аурулардан қорғай алмайтынын ұмытпаңыз.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button