Арнайы жобаЖалпы

Хламидиоз деген не?

Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Хламидиоздың белгілері:

  • ерлерде – зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;
  • әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.
  • ауру көбінесе білінбейді.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында презерватив пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде – бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button