Жалпы

Инфекция жұққаны қай кезде білінеді?

Адам ұзақ уақыт бойы өзіне инфекция жұққанынан бейхабар болуы мүмкін. Өйткені қоздырғыш вирус, адам ағзасына түскеннен соң сол жерде көбейіп өсе бастайды. Бірақ, ауруды білдіртетін бастапқы белгілер пайда болғанға дейін біршама уақыт өтеді. Ол әр ауру түріне қарай әртүрлі болады. Бұл – аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып саналады.

Оның үстіне, ауру жұқтырылғаннан кейінгі біршама мерзім ішінде тіпті арнайы зертханалық анализдер де адамның ауру жұқтырғанын анықтай алмауы мүмкін. Аурудың мұндай кезеңі «терезе кезеңі» деп аталады (әдетте бұл ЖИТС туралы сөз қозғалған жағдайда). Алайда ауру жұқтырылған адам инфекцияны өзіне ауру жұққан сәттен бастап сау адамға жұқтыра алады.


 

Back to top button