Жігіттер

Маструбация болашақта ұрығыма зиян тигізе ме?

Сұрақ: Мен қазір 16 жастамын, 10 сынып оқимын. Мен 1,5 жылдай мастурбация істеп келдім. Мені қатты мазалайтын сұрақ: менің туылатын болашақ балама (ұрпағыма) зияны бар ма жоқ па?

Жауап: Ұрық шығару тұрғысынан маструбацияның жыныстық қатынастан айырмашылығы жоқ. Оргазм маструбация әлде жыныстық акті нәтижесінде болды ма, оған тәуелсіз эякуляцияға (шәует шығаруға) әкеледі. Теориялық тұрғыда, әрине, маструбация сперма қорын азайтады. Егер әйеліңізбен бала жоспарлағыңыз келіп, овуляция кезін күтіп жүрсеңіз, сперма қорының азаюы ұрық сапасының нашарлауына да әкелуі мүмкін. Соған байланысты әйеліңіздің овуляциясына дәлдеп  жыныстық қатынасты 2-3 күнде бір ретке сиреткен жөн. Сұрақ авторының жасын ескерсек, бала жоспарлау алдағы жылдарда болмайтын сияқты. Ал сперма қоры екі тәулікте толығып отырады. Жалпы сперма сапасына кері әсер ететін факторлар бар, олар: алкоголь, темекі, химиялық заттар (дәрі-дәрімектер), жыныстық аурулар, экология және т.б. Алайда зиянды әдеттерден бас тартатын болсаңыз, үш ай ішінде ұрық сапасын жақсартуға болады. Себебі сперманың пісіп-жетілуі 72 күнді алады. Сондықтан сұраққа жауабымыз маструбацияның болашақ ұрық сапасына әсері жоқ.

Back to top button