Арнайы жобаЖалпы
Мерез деген не?

Бұл инфекция бозғылт трепонема бактериясынан туындайды. Хламидиоз жұқтырудың негізгі жолы – презерватив пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Бастапқы белгілері жыныстық қатынастанкейінгі 10-80 күн ішінде ғана пайда болады.
Топтастыру (белгілері бойынша):
- Ілкі мерез – (бактерия кірген жерде) ойық жарасы бар ауырмайтын қызыл түсті тығыз өсіндісімен сипатталады; жыныстық қатынастың түріне байланысты жыныс мүшесінің беткі жағында, жұтқыншақ бездерінде, тік ішек аумағында немесе теріде пайда болуы мүмкін.
- Қайталанған мерез – теріге және шырышты қабатта бөрітпелердің пайда болуымен, мерездік таз болумен сипатталады;
- Салдарлық мерез – ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.
Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).
Мерездің алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында презерватив пайдалану.
Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді