Арнайы жобаҚыздар
Отбасы жоспарлау. Әйелдер

Сұрақ: Жүктілікті жоспарламас бұрын әйелдер қандай анализдер тапсырғаны дұрыс?
Жауап: Болашақ ананың тексерілуі гинекологтың қарауынан басталады. Алғашқы рет келгенде гинеколог флора жақпасын (мазок) және цитологиялық жақпа алуы мүмкін (пап-тест – яғни жатыр мойнында атипті торшалардың болу-болмауын анықтайды), жыныстық жолмен таралатын жасырын инфекцияларға жақпа алу.
- Жүктілікті жоспарлау кезінде қажетті анализдер жалпы қан талдауынан, қан тобы мен резус-факторды анықтаудан, қандағы қант деңгейін анықтау, коагулограмма (қанның ұюы) және қанның биохимиялық талдауынан тұрады.
- Жүктілікті жоспарлау кезінде міндетті талдаулар: АИЖ, В және С гепатиті, сифилиске қан талдауы жатады.
- Жүктілік алдында ПЦР талдаулары жасалады – бұл жатыр мойнынан қрнау алып хламидиоз, герпес, микоплазма, цитомегаловирус, уреаплазмоз тудырғыштарын анықтау үшін қажет.
- Несептің жалпы талдауы бүйректің жұмысын, зат алмасу процесінің күйін білу үшін қажет.
- Инфекцияларға талдау жүктілік барысында жағымсыз әсер етуі мүмкін факторлар: қызылша, токсоплазмоз, цитомегаловирус, гениталды герпес, хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз,гарднереллезді анықтау үшін жасалады.
- Болашақ ата-аналар тұқымындагенетикалық аурулар болған жағдайда генетикалық талдаулар жасалады.
Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді