Арнайы жобаҚыздар

Қай жастан бастап қырынған жөн?

Сұрақ: Депиляция туралы жарнамаларды көп көремін. Бикини депиляция дегеніміз түсінгенімше қыздардың жыныс мүшесі маңындағы жүнді қыру ғой? Қай жастан бастап қырыну керек?  

Жауап: Интимді жерін қыруды әр қыз бала өзі шешеді. Егер жыныс мүшесі маңында жүннің болуын қалаасаңыз тұрақты түрде қырынып тұруға дайын болыңыз. Кемінде аптасына бір рет қырынып тұру керек болады. Егер шугаринг немесе депиляция жасайтын болсаңыз, бұл процедураны екі-үш аптада бір рет жасайтын боласыз.  Жүн өскен сайын дискомфорт туындай бастайды.

Қай жастан бастап қырынуға болады?

Мына жастан бастауға болады деген қатаң ереже жоқ. Барлығы қыз баланың жеке физиологиялық ерекшелігіне байланысты. Жыныстық дамып жетілу кезеңі аяқталғанша әурет маңындағы жүн өте жұқа, жұмсақ болады. Ол ешқандай қолайсыздық әкелмейді. Алайда гормоналды фон өзгергенде талшық құрылымы да өзгеріп, қатайып, түсі де қарая бастайды. Интимді жерді қыруды етеккір келіп, әбден қалыптасқан соң бір жылдан соң ғана бастауға болады. Себебі бұл кезде жыныстық мүше маңындағы тері де қатайып, тітіркену ықтималдығы төмендейді.

Бірінші рет қырынғанда нені ескеру керек?

  1. Теріге қырынуға арналған гель, көбік немесе мусс жағыңыз. Арнайы құралдар алуға мүмкіндік болмаса сабынды қалыңдау етіп көпіртіп жағуға да болады. Көбікті қалыңдау етіп жаққан соң бірден ұстараға жүгірмеңіз.
  2. Аяқты, қолтықты немесе өзге жерді қырғанда қылтықтың өсу бағытына қарсы қырудың қажеті жоқ. Бастапқыда қылшық түбіне дейін қырылған, тері теп-тегіс болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұның теріс жағы да бар. Қылтанақ келесіде теріге қарай терінің астына қарай өсіп, бүртіктенеді. Ол қылтанақ теріні жарғанда қызартып, ауыртуы мүмкін.
    3. Бір қарған жеріңізді қайта қайта қырмаңыз. Ұстараның жүзі өткір болса бір рет жүргізгенде қылшықтарды кесіп өтеді. Келесі рет терімен жанасқанда оны зақымдауы мүмкін. Сондықтан қырынғанда қозғалыс сенімді әрі баяу болғаны жөн.
    4. Эпиляция аяқталғанда ылғал теріге ылғалдандыратын немесе тітіркендірмейтін кремдер жағуға болады.

    Қырыну үшін қандай құралдарды қолдану қажет? Жақсы ұстара (бір реттік ұстарадан гөрі, көп рет қолдануға арналғандар жақсы), арнайы гель немесе көбік (гипоаллергенді). Қырыну процедураларын тек үйде жасаңыз, қоғамдық орындарда (монша, сауна, бассейн маңындағы душ) қырыну этикетке жатпайды.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button