Жалпы

Қауіпсіз секс

Секс қауіпсіздігі туралы айтқанда ойыңызға не келеді? Мүшеқап қолдану, жоспарламаған жүктілік, жыныстық жолмен жұғатын аурулар, осы сияқты физикалық денсаулыққа қатысты ойлар ма? Ал психологиялық жағын көбінесе елемейміз. Шындап келгенде қаламаған секстің психологиялық аспектісі қайда күрделі.
Тек жасөспірімдер ғана емес, ересек адамдар да жыныстық қарым-қатынаста өзін қорғай алмайды. Бәлкім сіз жақсы көретін адам болса да, дәл қазір онымен сексті қаламайтын шығарсыз. Мүмкін құштарлық азайып қалған шығар. Сексті тәулігіне 24 сағат қалау мүмкін емес. Сексті әйелдер немесе еркектер көбірек қалайды, ұзақ уақыт жыныстық қатынастың болмауы денсаулыққа зиян, еркектің басқаға көз салмауы үшін қалаған уақытта секске дайын болуы керек деген пікірлердің барлығы жалған стереотиптерге құрылған, шындыққа жанаспайды.
Интимді қатынасқа жұбыңызды ренжітіп алмау үшін, қорыққаннан, көңіл жықпастықтан, діни сенімдерге бола ғана келісуге болмайды. Секс екі адамның қалауымен, еркімен, өзара келісімімен болатын акті. «Жоқ» деп айта білмеу сізді түрлі ыңғайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін. Сіздің жасыңыз 18, мейлі 30 болсын.

 

Back to top button