Арнайы жобаЖалпыҚыздар

Секске дайын екенімді қайдан білемін?

Сұрақ: Сұрағым біртүрлі көрінетін шығар, бірақ мен үшін маңызды. Жігітім бар. Екеуміздің жүргенімізге 2 жылдай болды. Әзірге үйлену жоспарда жоқ. Бірақ соңғы кездері секс туралы тым жиі айтатын болды. «Маған сенбейсің бе, басқа қызға барғанымды қалайсың ба?» деген сияқты әңгімелерді айтады. Бір жағынан пәктігімді сақтағым келеді. Бірақ қарым-қатынасымыздың суығанын қаламаймын. Өзім да қалаймын шынымды айтсам. Не істегенім жөн. Секске дайын екенімді қайдан білемін?

 

Жауап: Бұл сұрақ өте орынды. Оның үстіне алғашқы секс эмоция немесе кездейсоқ жағдай нәтижесі емес, әбден ойланып, саналы барған қадам болғаны жөн. Секс қарыздар болған сезімнен, қорқыныштан, мәжбүрліктен туындамауы тиіс. Секске дайындық туралы ресейлік секс-педагог Юлия Ярмоленко өте жақсы жазған еді. Ол секске дайын екеніңді білу үшін алдымен өзіңе келесі сұрақтарды қой дейді. Бұл сұрақтар тек жасөспірімдерге ғана емес, ересек аудиторияға да өтімді деп санаймын. Сонымен өзіңе мына сұрақтарға барынша шынайы жауап беріп көр:

– Мен дәл осы адаммен сексті қалаймын ба?

– Секс салдары туралы толық білемін бе?

– Секстен соң жыныстық жолмен таралатын аурулар немесе жоспарланбаған жүктілік бола қалған жағдайда ол үшін жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын ба?

– Жыныстық қатынасқа өз еркіммен барамын ба әлде мені мәжбүрлейтін, манипуляция жасайтын адам бар ма?

– Менде презерватив бар ма, оны қолдана білемін бе?

– Бұл адаммен жыныстық қатынасқа түскен соң не болады?

–  Мен өз құштарлығымды секссіз-ақ білдіре аламын ба?

– Бұл адамның жанында өзімді қалай сезінемін?

– Бұл адам мейірбан әрі қамқор ма?

– Бұл адам менің пікірімді құрметтей ме?

– Біз секспен айналысудың біз үшін мәні неде екені жөнінде сөйлестік пе?

– Біз жоспарланбаған жүктілік пен инфекциялардан қорғану жолдары туралы сөйлестік пе?

– Егер екеуміздің біріміз сексті қаламасақ ше? Бұл біздің қарым-қатынасымыздың ары қарай өрбуіне әсер ете ме?

– Мен жұбымды қуанту үшін ғана  жұыныстық қатынасқа түспекпін бе?

Егер қандай да бір сұрақтардың жауабы күмәнді немесе белгісіз болса, демек секс туралы айту әлі ертерек.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button