Арнайы жобаЖалпы

Соз (трипер) деген не?

Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Соз ауруы зәр шығару жолдарын, тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін. Бастапқы белгілері жыныстық қатынастан кейін тек 5-7 күннің ішінде ғана пайда болады.

Соз ауруының белгілері:

  • ерлерде – жыныс мүшесінен «кілегей тәріздес» іріңді бөлінді шығады, қышиды, ауырсына және жиі зәр шығарады;
  • әйелдерде – зәр шығару жолдарынан және қынаптан сарғыш немесе жасыл түстес бөлінді шығады, қышиды, ауырсына зәр шығарады.

Тамақ созы онша білінбей жүре береді. Тік ішек созы көтен аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында презерватив пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туындауы мүмкін.


Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button