Арнайы жобаЖігіттер

Таңғы эрекция

Сұрақ: Соңғы уақытта бірнеше рет таңертең эрекциядан оянып жүрмін. Сұйықтық бөлініп іш киімім былғанып қалыпты. Күнделікті эрекция болуы мүмкін бе, бұл ауру белгісі емес пе?

Жауап: Әдетте түнгі уақытта 3-тен 5 дейін эрекция болуы мүмкін. Еркектің эрекция кезінде оянып кетуі кездейсоқ жағдай. Осы сәттердің бірінде оянып кетуіңіз мүмкін. Түнде ми торшаларында эрекция механизмдерін тежеуде маңызды рөл атқаратын норадреналин секрециясы төмендейді.  Әлбетте түнгі эрекциялар жиілігі жыныстық гормон – тестостерон деңгейіне байланысты.

Пенистен бөлінетін сұйықтыққа келетін болсақ, оның бөлінуі еркек организмінің қалыпты жұмыс істеуіне байланысты. Бұл патологияның болуын білдірмеуі мүмкін.

– Таңертең оянғанда немесе сексуалды қозу барысында түссіз мөлдір секрет бөлінеді. Ол уретралды бездермен бөлінеді және уретраны қорғауға арналған.

– Сперма поллюция және жыныстық акті кезінде пайда болады.

– Дефекциялық простаторея – үлкен дәретке барғанда зәр шығару каналынан сәл-пәл бөлінетін сұйықтық.

Уретрамен бөлінетін сұйықтық аурудың белгісі емес. Ал егер бөлініс түсі ақ немесе өзге түсті болса, бөліну кезінде ашыса, қышыса бұл ауру симптомдары болады.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button