Жалпы

Трихомониаз деген не?

Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Белгілері:

  • ерлерде – әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ еркектер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;
  • әйелдерде – зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3-11 күннің ішінде білінеді).

Емделу жолы: паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Трихомониаздың алдын алу: жыныстық қатынас барысында презерватив пайдалану.

Қауіптілігі: созылмалы дәрежесіне тез көшеді.


«Бұл материал “MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button