Арнайы жобаЖалпыЖігіттер

ВИЧ-инфекцияға тестті қайда және қалай тапсырады?

Сұрақ: ВИЧ-инфекция жұқтырғаныңды ұзақ уақыт білмей жүруің мүмкін дегенді естідім. Ол тексеруді қайдан және қалай өтеді?

Жауап: Дұрыс айтасыз. Адам ВИЧ-инфекция жұқтырғанын білмей жүре беруі мүмкін. Бірақ ол инфекция қауіпсіз деген сөз емес. Уақыт өте келе ол СПИД-ке ұласуы мүмкін. Сондықтан инфекция жұқтырмағаныңызға сенімді болсаңыз да, арнайы тест тапсырудың еш сөлекеті жоқ. Әрі оны анонимді түрде де тапсыруға болады.

Республикалық СПИД орталығының деректеріне сәйкес Қазақстанда ВИЧ жұқтыру жаңдайлары 2017 жылы 3023, 2018 жылы 3100 рет тіркелді.

Қандай жағдайда тест тапсыру керек?

– Егер төсектегі серігіңіз жиі «ауысса» және презерватив қолданғанды ұнатпасаңыздар (немесе серігіңіздің басқа біреумен төсектес болғанын білсеңіз);

– Жүкті болсаңыз;

– Тату немесе пирсинг жасатсаңыз;

– Танымайтын адамның гигиеналық заттарын қолдансаңыз (ұстара, тіс щеткасы);

– Басқа адам қолданған инелі шприцті қайта қолдансаңыз;

– Туберкулезбен, В, С гепатитімен ауырсаңыз және жыныстық жолмен берілетін инфекцияға шалдыққан болсаңыз.

Тестті қалай тапсырады?

Мамандар адамның ВИЧ-инфекцияға шалдығып-шалдықпағанын қан алу арқылы анықтайды. ВИЧ-инфекцияға тексерудің негізгі екі жолы бар: тамырдан қан алу және «экспресс-тест» (саусақтан қан алу). Бірінші тесттің нәтижесі шамамен 3 күннен кейін дайын болса, екіншісі 1-2 минуттың ішінде нәтиже береді.

Тестті қай жерде тапсыруға болады?

Қазақстанның әр республикалық маңызға ие қалаларында, облыс орталықтарында СПИД-тің алдын-алып, онымен күресуге бағытталған орталықтар бар. Сол жерде арнайы тестті тегін тапсыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар жекеменшік клиникаларда ақылы түрде тексерілуге болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі аясында медициналық қызметтер тарифіне сәйкес ВИЧ зерттеулерінің құны 1413,98 теңгені құрайды.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button