Арнайы жобаҚыздар

Жүктілік кезінде жыныстық қатынас зиянды ма?

Сұрақ: Аяғым ауыр. 2 ай болды. Жүкті кезде жыныстық қатынас зиянды емес пе? Іштегі балаға қауіпті емес пе? Әлде презерватив қолдану керек пе? Үйдегілерден сұрайын десем ұяламын. Жауап беріңізші.

Жауап:  Сексологиялық тұрғыда жыныстық қатынастың жүктілікке еш зияны жоқ. Адам ағзасының өзі қажеттіліктерін түсінеді. Егер әйел ағзасына немесе құрсақтағы балаға зияны болатын болса, сексуалды белсенділік өздігінен төмендейді. Гинекологтар жүктіліктің алғашқы триместрінде (үш айында) түсік тастау қауіпі болса, жыныстық қатынасқа шектеу қоюы мүмкін. Алайда егер ешқандай қауіп-қатер, сырқат белгілері болмаса секс зиянды емес, оған қоса қорғану амалдарының, контрацепцияның еш мағынасы жоқ.

Үшінші айда әдетте токсикоз да кетеді. Бұл кезде гормоналды фон құбылып тұрады. Ұйқышылдық, көңіл-күйдің жылдам босауы, эмоционалды тұрақсыздық әйелдің сексуалды өміріне де әсер етуі мүмкін.

Жүктіліктің төртінші, бесінші айларында сексуалды белсенділіктің артатын кезі. Токсикоз кетіп, әйел жүктілікке бейімделе бастайды.

Алтыншы айда жыныстық органдар сәл өзгере бастайды. Әйелдердің оргазм алу ықтималдығы да көбейеді.

Жетінші айда болашақ әкелер әйелдің дене бітімінің өзгеруіне байланысты тартынуы мүмкін. Әйелдер болса алдағы босану туралы жиі ойлайды. Сегізінші айдан бастап жыныстық қатынасқа тәбет өздігінен төмендейді. Тоғызыншы айда акушер гинеколгтардың өздері жыныстық қатынастың босану функциясына дайындалуға оң әсерін тигізетінін айтады. Алайда әйел өз ағзасын тыңдағаны жөн. Егер әйел тыныштықты қаласа, бұл туралы қысылмай жұбына айтқаны жөн.

 

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button