Арнайы жобаҚыздар

Жүктілік тестін қалай қолдану керек?

Сұрақ: Дәріханада жүктілік тестінің түрлері көп екен. Қайсын және қалай пайдаланған дұрыс? 

Жауап: Үй жағдайында пайдаланатын тест түрлері шынында да көп. Олар тек бағасымен ғана емес, қолдану тәсілімен, сонымен бірге сезімталдық деңгейімен де ерекшеленеді.

Жүктілікті анықтаудың тұрмыстық тестілері несептегі ХГЧ гормонының деңгейі негізінде нәтиже береді. Бұл гормон жатыр қуысында тұрақтаған хорионмен өндіріледі. Жүктілік басталған сәттен бастап несептегі ХГЧ концентрациясы ұлғая береді. Қашан нақты нәтиже алатыныңыз тест сезімталдығына байланысты. Жүктілік тестінің сезімталдығы 10, 20, 25, 30 сандарымен таңбаланады. Бұл несептегі ХГЧ гормонының концентрациясын анықтау қабілетін білдіреді. Сан неғұрлым аз болған сайын тест сезімталдығы мен дәлдігі жоғарылай түседі. Ең қымбат тестілер етеккір циклі басталмай тұрып жүктілікті анықтауға мүмкіндік береді.

Тестіні таңғы уақытта жасаған жөн. Себебі ХГЧ концентрациясы таңертегі уақытта жоғары болады. Етеккір кешіккенде сезімталдығы төмен тестіні тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға болады.

Қолданылуы: тест жасайтын ыдыс стерильді болғаны абзал. Онда несептен басқа ешқандай зат, қоспа түспеуі тиіс. Қолыңызды сабындап жуып, мұқият сүртіңіз. тест жолақты несеп құылған ыдысқа жолақта таңбаланған мөлшеріне дейін батырыңыз. Нәтиженің анықталатын уақыты шамамен 5 минут. Екі жолақ жүктілікті, бір жолақ жүктілік жоқ екенін білдіреді.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button