Арнайы жобаЖігіттер

Жылдам эякуляция

Сұрақ: Жылдам алып қоямын. Кейде тіпті секс болмай жатып сперма шығып кетеді. Не істеуге болады?

Жауап: Мерзімінен бұрын ұрық төгу жағдайлары болып тұрады. Бұл кезде жасөспірімдерде беттің бөртуі, тершеңдік белгілері де байқалуы мүмкін.

Мерзімінен бұрын эякуляция ерекше емдеуді талап етпейді. Жыныстық актіні ұзартудың қарапайым әдістерін қолданып көріңіз.

– аптасына жыныстық актілер санын азайтыңыз;

– презерватив пайдаланыңыз (бастапқыда сезімталдығы төмен түрлерін пайдаланыңыз);

пенис сезімталдығын төмендету үшін лидокаин мазін, лидокаин спрейін қолдануға болады. Бұл препараттар дәріханаларда сатылады;

инфекциялық немесе қабыну, венерологиялық аурудың бар-жоғын анықтау үшін флораға жақпа (мазок) тапсыруды ұсынамын.

Егер ұсынылған әдістер жыныстық актіні ұзарта, пенис сезімталдығын төмендете алмаса, андролог-дәрігерге қаралыңыз.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button