Арнайы жобаҚыздар

Жыныстық қатынастың денсаулыққа әсері қандай?

Жыныстық қатынас ләззатқа бөлеп, өмірге деген құштарлықты туғызады, тән құмарлығын қоздырады деп есептейді дәрігер- психологтар. Бұл стрестен сергітеді, түн баласы көз ілмейтіндерді маужыратады, жүрек пен буын жұмысын жақсартады. Көне заманғы қытай философтары секс кез келген ауруды жазады деген.

1. Махаббат – ең ұтымды диета
Ғашық әйелдің көңілі тоқ жүреді. Оған ұйқы да, ауқат та қажетсіз көрінеді. Өйткені оның бар назары, тәтті ойы тек сүйіктісінде болады. Медицина тілімен түсіндірсек, «гормон қуанышы» диетаның бір түрі саналады.
Ғалымдар сүйіскенде еріннің 12, тілдің 17 бұлшық еті, оған қоса жүрек соғысы қарқынды жұмыс атқарады. Сүйіскен жұп бұл процесте бірден 9 калорияны жоғалтады дейді. Ал, жыныстық қатынастағы жоғалтқан жылдамдық қуаты – 15 минут тоқтамай жүрігіп келген адам мен теннистің 1 партиясын ойнаған теннисші жоғалтқан күшпен пара пар!

2. Секс иммунитетті жақсартады.
Вирустың келелді мәселелерін зерттеген Уилкс университетінің ғалымдары интимді қатынастағы тазалық иммун жүйесіндегі қызметті күшейтеді дегенді алға тартады.
Тіпті, аптасына 2 рет интимді қатынасқа түсетіндердің ағзасында агрессивты микробтар мен вирустардан қорғайтын иммунитет жоғары болады екен.

3. Beauty – терапия
Секс әйелдердің терісін әдемілендіреді. Бұл жерде спермадан жасалатын иісмайлар айтылып тұрған жоқ. Орта ғасырлық ғалымдардың өзі секс регенерационды процестерді қалыпты жағдайда ұстайды деген. Бетіне әжім түсе бастаған, яғни 35-тен асқан келіншектерге бұның пайдасы мол.
Бұнымен қоса секс созылмалы жүрек індетінен сақтайды. Депрессияға таптырмайтын шипа болып саналады.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button