ЖалпыҚыздар

Аборттың салдары қандай?

Аборт жасау немесе жасамау адамның өз еркі. Сондықтан мұндай шешімге келу үшін қауіп-қатердің барлығын таразыға салып ойланған жөн. Аборттың екі түрі болады. Хирургиялық және медикаментозды. Жасанды түсік тастау 3 айға дейін ғана жасалады.

Инфекциялық асқыну. Егер тарихи деректерге сүйенер болсақ, 40 жылдарға дейін антибиотик ойлап табылғанға дейін жасанды түрде түсік жасатқан әйелдердің көпшілігі инфекцияның асқынуынан қайтыс болған. Тіпті қолданатын медициналық құралдардың өзі залалсыздандырылғанның өзінде әйел ағзасы әлсіреп, кез келген инфекция ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан аборт жасатқанның өзінде «бейресми» жолдармен, медициналық емес орындарда жасауға болмайды!

Бедеулік немесе жатырдан тыс жүктілік. Аборттың тағы бір зияны – белеулікке әкелу ықтималдығы. Аборт жасату кезінде жергілікті қабыну процесі болады. Сырт көзге кейде білінбейді, температура қалыпты, инфекция даму белгілері болмауы мүмкін. Қабыну процесі тек жатыр ғана емес, жатыр маңайындағы түтіктерде де жүруі мүкін. Түтіктерде кірпікті эпителий жоғалып кетуі мүмкін. Бұл нәзік құрылым құрсақ қуысынан ұрыққа түтіктің бойымен өтіп, жатырға қарай жүргізеді. Ал бұл кірпікті эпителий болмаса, түтіктің өткізу қабілеті нашардайды. Бұл бедеулікке әкелеуі немесе ұрықтың жатырға жетпей түтікте бекіп, жатырдан тыс жүктілікке әкелуі әбден мүмкін. Эмбрион өскен сайын түтік көлемі ұлғаяды. Кей жағдайларда түтік жарылып ауыр салдарға душар етеді. Қан көп кетіп әйел қайтыс болуы мүмкін, немесе операция жасалып жатыр толығымен кесіліп алынып тасталады.

Гормоналды фонның бұзылуы. Әйел жүкті болғанда ағза бірнеше ай апта өзгеріске түсіп, гормондар фоны өзгереді. Ал аборт кезінде организм бірер сағат ішінде мүлдем өзгеріп, стресске түседі. Бұл тек ішкі секреция органдарына ғана емес, жалпы бүйрек бездері, қалқан безінің жұмыстарына кері әсер етуі мүмкін.

Ұрық қалдықтары қатерлі ісік себепкері болуы мүмкін. Тіпті ең тәжірибелі дәрігерлердің өздері жатырдан өсіп келе жатқан ұрықты қырып алып тастағанда қалдықтары қалып қоюы мүмкін. Жатырда көрінбей қалған тін ешқайда кетпейді. Біраз уақыттан соң ол қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар жиі кездеспейді. Алайда ол өте қауіпті. Көбінесе мұндайда медицина дәрменсіз болады.

Жатырдың тесілуі. Жатырдың перфорациясы тіпті ең тәжірибелі дәрігердің практикасында кездесетін жағдай. Операция кезінде жтыр тесіліп қалуы мүмкін Жүкті әйел жатырының шырышты қабаты өте нәзік. Оның үстіне дәрігерлер аборт кезінде көзін жұмып жасағандай әсерде болады. Олар жатырдың ішін көріп тұрмайды. Тек алдын ала УЗИде жасалған түсірілім бойынша интуитивті түрде жұмыс жасайды.

Медикаментозды әдістің қатері. Соңғы уақытта медикаментозды аборт әдісі пайда болды. Мұнда ешқандай операция жасалмай, әйел ағзасы жатырына біткен ұрықты өзі түсіріп тастайды. Алайда организм қалыпты процесті өз бетімен ұзу үшін қанай мықты жарылыс қажет? Бұл жарылыс бүкіл эндокринді жүйенің істен шығуына әкелуі мүмкін. Кейде медикаментозды әдіс ұрықты толығымен шығара алмайды. Соңынан бәрібір қырып шығу қажеттілігі туындайды.

Психологиялық аспект. Сіз атеист болып, жаратушы күшке сенбеген күннің өзінде әлі тумаған тіршілік иесін өз әміріңізбен өлтіруіңіз оңай емес. Кейде ұятқа салып қыз-келіншектер аборт жасатқызғанымен, өзін өзі кінәлау, жасаған қылмысы өмірінің соңғы күніне дейін қинауы мүмкін. Мұндай салдарды емдеу жолдары авторларға белгісіз.

Back to top button