Жігіттер

Мастурбация зиян ба?

Ешкім мойындап айтпағанымен, статистика еркектердің 95% және әйелдердің 72% мастурбациямен айналысатынын айтады. Егер этикалық жағын ысырып қойсақ, өзін өзі қанағаттандыру – қалыпты құбылыс. Егер мастурбация немесе онанизммен ара-тұра айналысып тұрсаңыз, еш зияны жоқ.

Мастурбация соқырлыққа немесе белсіздікке әкеледі деген жай ғана миф. Шындап келгенде оның пайдалы жақтары да бар. Мысалы мастурбация мида «ләззат орталығын» белсендіретін нейротрансмиттер – допаминді босатады. Бұл гармон ауыру сезімін басады, көңіл-күйді жақсартады, жалпы организмге оң әсер етеді. Әйелдің де, еркектің де организмінде пролактин бөлінеді. Бұл гормон жылдам ұйықтауға көмектеседі. Әйелдер мастурбация арқылы туу қабілетінің сақталуын ұзартады, ал еркектер ағзадағы ескі шәуетін (спермасын) шығарып тұру арқылы шәует сапасын жақсартады.  Мастурбациямен айналысатын еркектер қалқан бездерінің қатерлі ісігі қатерін төмендетеді. Ғалымдардың айтуынша, шәуетпен организмнен көптеген канцерогендер шығады. Әрине, бұл қатерлі ісіктің алдын алу үшін тұрақты мастурбациямен айналысу қажет дегенді білдірмейді. Ара тұра ләззат алу әдістерін түрлендіріп тұрған жөн. Әйтпесе уақыт өте келе сексуалды стимуляцияның өзге түрлеріне етіңіз өліп кетуі мүмкін немесе қарсы жыныс өкілдеріне құмарлық бәсеңдеп кетеді.

Back to top button