Арнайы жобаЖігіттер

Ұйқыда сұйықтық бөліну немесе поллюция деген не?

Ұл балалардың 13-15 жас кезеңі өтпелі болып саналады. Ұлдардың жыныстық жетілуі 12-13 жаста жеделдей бастайды. Жыныстық тұрғыда жетілу әр балада әртүрлі болады, организмінің қалыптасуына байланысты. Кей ұлдарда 16-17 жаста аяқталады. Ал біреулерде 20-21 жасқа дейін де созылады.

12-14 жаста организмде жыныс гормоны – тестостерон бөліне бастайды. Бұл кезеңде ұлдардың бойы және дене бітімі, жыныс мүшесі жылдам өседі. Және де ұл баланың бойындағы ұрық та жетіле бастайды. 14-15 жастағы ер балалардың ағзасында шамадан тыс көп піскен сперма жиналаып қалады да, ол өздігінен кей уақытта сыртқа шығып отырады.

14-15 жаста ұлдардың ұйықтап жатып сұйықтық жіберіп қоятыны содан. Кейде кино көріп отырғанда қозып, шәуетін сыртқа жіберіп қоятындар да бар. Бұл – 13-14-тегі ұлдардың барлығының басынан өтетін жағдай.

Кей ұяң ұлдар сол кезде қысылады. Денеден еріксіз шыққан шәуеттен қорқып, дәрет жіберіп қойғандай ұялып, әбіржіп, қобалжып жүреді. Шәуеттің сыртқа шығуын медицинада «поллюция» деп аталады. Бұл – табиғи қалыпты құбылыс. Сондықтан ол үшін қобалжудың, ұялудың еш қажеті жоқ.


Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button