Арнайы жобаЖігіттерҚыздар

Жыныстық қатынасқа құлқы жоқ

Сұрақ: Күйеуім екеуміз төсек қатынасында болған жоқпыз 5 жыл болды. Себебін біле алмадым. Сұрасам ұялады. Урологқа бардық провирон дәрісін жазып берді ішуге. Нәтиже болған жоқ. Не жасауға болады? Маған мүлдем жақындамайды. Виагра алсам зақым келтіріп аламын ба деп қорқамын.

Жауап: Урологтың не себептен провирон жазып бергенін білмедім. Дәрігердің қандай да бір препараттаы тағайындау дұрыстығын білу үшін пациенттің анамнезі, талдау нәтижелері болғаны жөн еді. Провирон еркектің жыныстық гормондарының жетіспеушілігін толықтыратын андрогенді препарат. Ол эритропоэзді жетілдіре отырып либидо мен потенцияны жақсартады. Алайда әйелде болсын, еркекте болсын, жыныстық қатынасты қалау көбіне келесідей физикалық проблема салдарынан болады.

Гинекология/урология. Егер ағзаңызда қандай да бір инфекция болса, ол либидоны әбден төмендете алады. Бұл ретте ауру сізге басқа ешқандай жайсыздық білдіртпеуі мүмкін. Ал ағзаңыз бұл қауіпті біліп, бар күшін онымен күресуге жұмсайды да сізге жыныстық қатынасқа ешқандай қалау да қалдырмайды.

Алкоголь/есірткі. Алкоголь мен есірткі потенцияны нашарлатады, біртіндеп адамның жыныстық қатынасқа қабілетін толығымен жоюы мүмкін.

Генетикалық  аурулар. Бұл жерде Клайнфелтер синдромы, Каллман синдромы және тағы басқа да ауруларды айтуға болады. Сонымен қоса адам бойында еркектің те әйелдің де жыныстық белгілері дамитын гермафродитизмді де жатқызуға болады. Бұл аурулардың кездесуі сирек, дегенмен бұл қатерді де алып тастауға болмайды.

Диабет. Диабетке шалдыққан еркектердің жартысында эрекциямен проблемалар болады. Әдетте еркектер осы эрекция үшін дәрігерге келіп, диабет екенін біліп жатады. Диабет жүйке талшықтары мен ұсақ тамырларды зақымдап, бұл эрекцияның нашарлауына әкеледі. Диабетке шалдыққан әйелдердің үштен бірінде ауру басталған соң бес жылдан соң сексуалды проблемалар басталады. Бұл  мәселені шешетін тек энодринолог емес, кейде психологиялық проблемалар да қабаттасып жатады.

Гипотериоз. Қалқанша безі функциясының нашарлауы. Бұл топтағы науқастардың қырыққа жуық пайызы сексологиялық проблемаларға тап болады.

Жүйке жүйесінің аурулары. Склероз, бас миының ісіктері, эпилепсия, полиомелит, Альцгеймер әне Паркинсон ауруы – бұлардың барлығы сексуалды саладағы проблемаларға әкеледі.

Жалпы алғанда күш қуатты әлсірететін кез келген ауру адамның секске қызығушылығының жоғалтуына әкеледі. Себебі бұл кезде адамның бірінші мақсаты ләззат алу, ұрпақ көбейту емес, тіршілік ету қабілетін сақтау болады. Сондықтан жолдасыңызбен ашық сөйлесіп, толық тексерілуден өтуді сұраңыз. Мәселе сіз ойлағаннан да күрделі болуы әбден мүмкін.

Бұл материал «MediaCAMP Орталық Азиялық» медиабағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы Internews қолдауымен әзірленді

Back to top button